5G ауыл-аймақтарда қосылмайды - Цифрландыру министрлігі

Azattyq Rýhy

Асхат Оразбек 5G желісі нақты қай аймақтарда қосылатынын айтты

5G ауыл-аймақтарда қосылмайды - Цифрландыру министрлігі
Фото: ашық дереккөзден

Елімізде ірі қалаларында 5G ұтқыр байланысы осы жылдың соңына дейін іске қосылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орынбасары Асхат Оразбек Мәжілістің жалпы отырысында айтты.

Мәжіліс депутаты Зульфия Сүлейменова 2025 жылдың желтоқсан айына дейін еліміздің аумағында 5G бесінші буынды ұтқыр байланысты қосу қарастырлығанын және бұл орайда 2019 жылы ірі мегаполис қалаларда пилоттық жобаның іске қосылғанын ескере келе, аталған байланыс түрі толыққанды қашан іске қосылатынын сұрады. 

Депутаттың сұрағына жауап берген Цифрландыру министрінің орынбасары 5G желісі нақты қай аймақтарда қосылатынын айтты.

«Осы мәселе бойынша біз үлкен дайындықтар жүргіздік. Бүгінгі таңда тестілеу жүргізілуде. Қазақстанда 5G желілерін коммерциялық іске қосу осы жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент), 2023-2025 жылдары облыс орталықтарында қосу жоспаланып отыр. Ауылдарға 5G бармайды», - деді вице-министр.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.