Елдің оңтүстігі негізінен жаңбырлы болады
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан аумағының солтүстік жартысы антициклонның ықпалында қалып отыр, онымен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ауа температурасы өте төмен болады.
«Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары 17...28 градус аязға дейін төмендейді.
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, оңтүстік циклонның шығуымен жауын-шашын күтіледі, республиканың батыс аймақтарында көбінесе қар жауады, ол боранмен бірге жүреді, оңтүстігінде негізінен жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады.
Сондай-ақ, фронтальды аймақтың Қазақстан аумағы арқылы өтуімен 15-20 дейінгі жел, 23-28 м/с екпінге дейін күшейеді», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.