23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған
Коронавирусқа шалдыққан 101 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті.
9 наурыздағы деректер бойынша коронавирус инфекциясынан 13 748 адам (12 693 КВИ+ және 1 055 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 1 348 пациент стационарда, 12 400 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
 101 адамның жағдайы ауыр; 
 38 пациенттің жағдайы өте ауыр; 
 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.