Індет жұқтырған 49 адамның жағдайы өте ауыр
Қазақстанда тағы үш адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
6 наурыздағы мәлімет бойынша, 14 613 адам коронавирус инфекциясынан (13 501 КВИ+ және 1 112 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 1 541 пациент стационарда, 13 072 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 113 адамның жағдайы ауыр, 49 пациенттің жағдайы өте ауыр, 35 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратында жатыр.