Украина жерінде Қазақстанға тиесілі 1000-нан аса жүк вагоны қалып қойды – ИИДМ

Автор: Azattyq Rýhy

Украинаға барар жолда әртүрлі жүктер тиелген 680 вагон тоқтатылған

Фото ашық дереккөзден

2022 жылғы 5 наурыздағы деректер бойынша Украина аумағында қазақстандық меншік иелерінің 1007-ден астам жүк вагоны тұрып қалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұдан бөлек Украинаға барар жолда әртүрлі жүктер тиелген 680 вагон тоқтатылған. Оның ішінде 371 вагон кеше басқа бағыттарға жіберілді.

Халықаралық тасымалдарда туындаған мәселелер бойынша жедел әрекет ету үшін ҚР ИИДМ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және еліміздің теңіз порттары жанында жедел желі ашылды. Мүдделі тараптармен келіссөздер жүргізілуде.