Үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгінгі таңда АХҚО экожүйесінде 1200 компания тіркелген

Кеңес аясында АХҚО-ның инвестициялық ахуалды жақсартудағы рөлі, Қаржы орталығының қазіргі жай-күйі және қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялар топтамасының ықтимал әсері мәселелері талқыланды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Бүгінгі таңда АХҚО экожүйесінде 1200 компания тіркелген, ресейлік компаниялар саны 5%-дан аспайды. АХҚО бірқалыпты жұмыс қарқынын сақтап отыр. Қатысушылардың кету жағдайлары байқалмайды», — деді АХҚО басқарушысы Қ. Келімбетов.

ҚР Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне халықаралық салық салу мәселесін қосымша пысықтау тапсырылды.