Павлодар облысында жаңадан салынған үйдің төбесі опырылып, баланың үстіне түскен

Azattyq Rýhy

Оқиға кешкі уақытта болған

Павлодар облысында жаңадан салынған үйдің төбесі опырылып, баланың үстіне түскен

Павлодар облысы Ақсу қаласында болған оқыс жағдай әлеуметтік желідегі парақшада жарияланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға Строителей көшесі, 43 мекенжайында орналасқан жаңа үйде болған. Бұл үй мүмкіндігі шектеулі балаларға, көпбалалы отбасыларға және өзге де санаттағы тұрғындарға берілген.

«Бәріміз ас бөлмеде кешкі тамағымызды ішіп отырғанбыз. Кенеттен қатты бір дауысты естідік. Артынша қызымның айқайлап жылаған дауысы шықты. Үйдің төбесі баламызға құлап түскен екен. Шекесі қызарып, ісіп кетті», - дейді үй иесі.

Pavlodarnews.kz басылымының хабарлауынша, Ақсу қаласының әкімдігіне кеше Наталья есімді тұрғын жүгінгені және бірден құзыретті органдар мен мердігерге хабар берілгенін айтылды.

Бүгін олқылықтарды жою үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын айтып, тұрғындардан кешірім сұрады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.