Зейнетақы қорындағы қаржысын алуға өтініш бергендер саны 1 миллионнан асты

Автор: Azattyq Rýhy

Олардың басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін өтініш берген

Фото: ашық дереккөзден

Зейнатақы қорындағы қаржысының бір бөлігін алуға өтініш бергендер саны миллионнан асты. Оның 860 мыңдайы мақұлданып, ел азаматтарының шотына 2 триллион 700 миллиард теңге аударылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін өтініш берген. Оларға екі жарым триллион ал, емделуге деп ақшасын сұрағандарға 176 миллиард теңге аударылды. Төрт жарым мыңнан астам адам қордағы қаржысын өзге компанияның басқаруына берген.

Айта кетейік қордағылар сәуірде жеткілікті шек өсетіндіктен, өтініш берушілер саны күрт өскенін айтып отыр.