«Кезексіз үй алып беремін»: Шымкентте күдікті екі адамды алты млн теңгеге алдап кеткен
Күдікті бұрын алаяқтық бойынша істі болған
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғындар (екі азаматша) арызданған. Олар өз арыздарында бейтаныс азаматша келіп, мемлекеттік бағдарлама арқылы кезексіз үй алып беремін деп, сенімдеріне кіргенін, осылайша алаяқтық жолмен біреуінен 5 000 000 теңге, ал екіншісінен 1 000 000 теңге алып кеткенін көрсеткен. Бұл туралы Azattyq Rýhy қалалық Полиция депаратментіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеуге алды. Қаратау ауданы Полиция басқармасы тергеу бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді.
Тергеу барысында аталған азаматша бұрын соңды алаяқтық жайты бойынша істі болғаны анықталды.