Жауын-шашын мол болады деп болжанып отыр
«Қазгидромет» РМК 2022 жылдың 5-7 наурызына арналған ауа райы болжамы жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жауын-шашын мол болады деп болжанып отыр.
«Демалыс күндері циклон, Жерорта теңізінен ауысып, елдің көп бөлігіне ылғалдың үлкен қорын әкеледі. Осыған байланысты негізінен жаңбыр түрінде — 5 наурызда батыста және оңтүстік жартыда, 6 наурызда елдің солтүстік жартысы мен орталығында, қар мен жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.
Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік бөлігінде бұрқасын болады деп болжануда», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.