Толық ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «Самұрық-Энерго» және «Қазақстан Темір Жолы» ҰК басшылығына қатысты жеке компаниялардан пайда алу мақсатында қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша тергеу жүргізуде. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекетке аса ірі мөлшерде 3,8 млрд теңге сомасында залал келтірілді.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.