ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы өтті
ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлік отырысы өтіп, оған Қазақстан атынан Энергетика министрі Болат Ақшолақов қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, отырыс барысында қаңтар айында келісім тараптарының міндеттемелерді орындауы талқыланды.
«Отырыс қорытындысы бойынша шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды.
2022 жылдың сәуір айында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота сәйкесінше тәулігіне 1,621 млн баррельді құрайды», - делінген хабарламада.
Асыра орындалған көлемдерді өтеу кезеңі 2022 жылғы маусымның соңы болып қалады.