Президенттің Алматыдағы резиденциясы сүрілетін болды

Автор: Кенжекей Тоқтамұрат

Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады

Фото: tengrinews.kz

Президенттің Алматыдағы резиденциясы сүрілетін болды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Резиденцияның орнына қандай нысан салынатыны да белгілі болып отыр. 

“Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы Президенттің қызметтік резиденциясы сүрілетін болды. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады”,- деп жазды Берік Уәли. 

Естеріңізге сала кетейік, қаралы қаңтар кезінде Алматыда ең көп бүлінген ғимараттардың бірі осы президент резиденциясы еді.