02.03.2022, 10:19
Жаңалықтар
Мәжіліс Дариға Назарбаеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты
ОҚК 25 ақпан күні өкілеттігін тоқтату жөнінде қаулы шығарған
Фото ашық дереккөзден
ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш бергенін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Осыған орай ҚР Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға заңнамаға сәйкес, Парламент Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаеваның өтініш беруіне байланысты оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді Асылбек Смағұлов.
Палата депутаттары бұл ұсынымға қолдады.
Айта кетейік, 25 ақпан күні Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаеваның өкілеттігін тоқтату жөнінде қаулы шығарған болатын.
Көп оқылған
07.07.2026, 12:24
«Ақсу мен Екібастұзды үрейде ұстаған»: студенттер мен жұмысшыларды бопсалаған қылмыстық топ ұсталды (ВИДЕО)
07.07.2026, 17:52
Жетісу облысында кішкентай қыздардың интимді видеоларын таратқан ер адам ұсталды (ВИДЕО)
07.07.2026, 11:55
Қарақия әкімдігі алты бала туған әйелге «Күміс алқа» бергісі келмеген: іске прокуратура араласты
07.07.2026, 10:30
«Тұрсынбек неге келмеді?»: Мөлдір Мұқанова Rixos қонақ үйінде үш баласына той жасады (ВИДЕО)
07.07.2026, 10:48
Алматылық онкологтар әйелдің ішінен 10 келі ісікті алып тастады (ФОТО)