Қазіргі уақытта халықаралық әуежай штаттық режімде жұмыс істеуде
Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында боранға байланысты әуе рейстері кейінге қалдырылды, деп хабарлайды Azattyq rýhy тілшісі.
Әуежай сайтындағы онлайн-таблоға сәйкес, әуе кемелерінің басқа қалалардан кеш келуіне байланысты 14 рейс кешіктіріледі, бұл FlyArystan авиакомпаниясының екі рейсі және Air Astana авиакомпаниясының жеті рейсі.
Ал әуежайдан ұшып шығуға тиіс бес рейс кешіктірілуде: Air Astana компаниясының Алматыға ұшатын төрт рейсі мен «Аэрофлот» авиакомпаниясының Мәскеуге ұшатын бір рейсі.
«Жылдамдығы секундына 15 метрден асатын күшті желге байланысты қауіпсіздік мақсатында әуе кемелерін мұз қатуға қарсы сұйықтықпен өңдеуге жол берілмейді. Қазіргі уақытта Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режімде жұмыс істеп жатыр», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметіндегілер.
Ауа райының нашарлауы байланысты Нұр-Сұлтан қаласында екінші ауысымда оқитын 0-9 сынып оқушылары үшін қала мектептерінде сабақ тоқтатылды.