$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбе қаласында майнинг фермасына жер телімі заңсыз беріліп келген – прокуратура

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүріп жатыр

Ақтөбе қаласында майнинг фермасына жер телімі заңсыз беріліп келген – прокуратура

Ақтөбеде прокурорлар майнингтік фермаларға жер телімдерін заңсыз беру фактілерін анықтады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ақтөбе ӘКК» АҚ индустриялық аймақ аумағында майнингтік қызметті жүзеге асыратын екі серіктестікке жер телімдерін жалға алу құқығымен берілгені анықталды.

«Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, индустриялық аймақтарда жер тек өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен және көлік логистикасы саласындағы инвестициялық жобалар үшін беріледі.

Қазіргі уақытта прокуратурамен заңсыз берілген жер телімдерді мемлекеттік қорға қайтару бойынша шаралар қабылдануда», - делінген прокуратура хабарламасында.

Бұдан басқа, Экономикалық тергеу департаменті «Ақтөбе ӘКК» қызметкерлеріне қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

Серіктес жаңалықтары