АҚШ-та ер адам өзінің үш баласын атып өлтірді

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға Калифорния штатында болды

Фото ашық дереккөзден

АҚШ-тың Калифорния штатына қарасты Сакраменто қаласында ер адам шіркеуде төрт адамды атып өлтірді, оның үшеуі – өзінің балалары. Бұл туралы Azattyq Rýhy CBS басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Үш баласын әкесі өлтірді. Артынша шіркеуде өзін-өзі атып өлтірді. Полиция сержанты Роб Грассман бесінші адамның да қаза тапқанын мәлім етті. Алайда оның сол отбасының мүшесі екені әзірге белгісіз», - делінген телеканал хабарламасында.

Әкесінің қолынан қаза болған балалар 15 жасқа да толмаған. Олардың бәрі оқиға орнында көз жұмды.