«Nur Otan»-ның кезектен тыс Съезінде қандай мәселелер талқыланады?

Автор: Azattyq Rýhy

Күн тәртібі бекітілді

«Nur Otan»-ның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов партияның кезектен тыс Съезінде қандай мәселелер талқыланатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Құрметті достар! Өздеріңіз білетіндей, ертең Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен онлайн форматта «Nur Otan»-ның кезектен тыс XXII Съезі өтеді. Оның жұмысына еліміздің әр өңірінен 399 делегат қатысады», - деп жазды Асхат Оралов.

Ол өз сөзінде бүгін партияның Саяси кеңесінің қаулысымен Съездің күн тәртібі бекітілгенін айтып өтті.

«Екі мәселе қаралады:

1. Партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.

2. «Nur Otan» партиясының модернизациясы», - деді «Nur Otan» партиясының Атқарушы хатшысы.