10 жыл бойы бас жаттықтырушы болып, еш нәтиже көрсетпейтіндер бар – Дәурен Абаев

Автор: Azattyq Rýhy

Министрдің пікірінше, спорттағы нәтиже үшін бас жаттықтырушы жауап береді

Фото ашық дереккөзден

Қазақстанда қысқы бірнеше спорт түрі бойынша бас жаттықтырушылардың қызметі қайта қаралады. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Нәтиже үшін бас жаттықтырушы жауап береді. Нәтиже тағайындалғаннан кейін 2-3 жылдан кейін болуы керек. Ал бізде 10 жыл бойы бас жаттықтырушы болып, еш нәтиже көрсетпейтіндер бар. Сондықтан кейбір бас жаттықтырушылардың қызметтен кеткені абзал. Бұл - заңды құбылыс. Осы орайда бірнеше спорт түрі бойынша бас жаттықтырушылардың қызметін қайта қарауды тапсырамын. Айталық, шаңғы жарысы, биатлон, фристайл-акробатика, трамплиннен шаңғымен секіру секілді спорт түрлері», - деді Дәурен Абаев Щучинскіде өткен XXIV қысқы олимпиада ойындарының қорытындысына арналған кеңейтілген отырыста.

Министрдің айтуынша, келесі олимпиадаға дайындықты бүгіннен бастау керек.

 «Токио және Бейжің олимпиадасы нәтижесінде отандық спорттың шама-шарқын көрдік. Ендігі шаруа шұғыл шешім қабылдап, олимпиадаға дайындықты одан әрі жалғастыру. Ертең емес бүгіннен бастап қолға қажет», - дейді ол.