$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Шымкентте «Свой дом» қаржылық пирамидасының жолы кесілді

Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергелуде

Шымкентте «Свой дом» қаржылық пирамидасының жолы кесілді
Фото ашық дереккөзден

Шымкентте «Свой дом» қаржылық пирамидасының жолы кесілді. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті «Свой дом» қаржылық (инвестициялық) пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

 ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тергеу органы еліміздің оңтүстік өңірлерінің тұрғындарымен «Свой дом» инвестициялық бағдарламасы бойынша төленген сомадан 7 күн ішінде 40%-ға дейін пайда табу шартымен келісім жасасқан күдіктіні анықтады.

 Қаржы пирамидаларын құру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікті көздейді, ол үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары