Ол видеоүндеу жолдады
Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді келіссөз үстеліне шақырды. Бұл туралы ол өзінің Telegram каналындағы видеондеуінде айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Зеленский Ресей әскерінің Украинаға басып кіруін Еуропаға қарсы соғыстың басталуымен байланыстырды.
«Ресейдің Украинаға басып кіруі – бұл Еуропаға қарсы соғыстың басталуы, Еуропаның бірлігіне қарсылық танытуы, ондағы қарапайым адам құқықтарына қарсылық көрсетуі. Құрлықтағы барлық ережелерге қарама-қайшы әрекет», - деді Зеленский.
Сондай-ақ өз видеоүндеуінде Украина басшысы Ресей президентімен келіссөздер үстеліне отыруды ұсынды.
«Мен Ресей Федерациясының президентіне тағы бір рет жүгінгім келеді. Украина аумағында ұрыс жүріп жатыр. Адамдардың өлімін тоқтату үшін келіссөз үстеліне отырайық», – деді Зеленский өз бейнежазбасында.