28 ақпанда саяси кеңестің отырысы өтеді
«Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов 28 ақпанда саяси кеңестің отырысы өтіп, онда партияның кезектен тыс XXII съезінің күн тәртібі бекітілетінін мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Құрметті достар! Бүгін «Nur Otan» партиясының Саяси кеңесі Бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі.
Сондай-ақ, Саяси кеңес Бюросының қаулысымен «Nur Otan» партиясынан Парламент Мәжілісі депутатының бос мандаты партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке берілу туралы шешім қабылданды», - деп жазды Асхат Оралов.
Тиісті шешім ҚР Орталық сайлау комиссиясына жіберілді.