«Қазгидромет» демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Автор: Azattyq Rýhy

Республиканың оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Фото ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 26-28 қаңтар күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қыстың соңғы күндерінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің әсерінен, республика бойынша жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, елдің солтүстік жартысында бұрқасын күтіледі.

«Республиканың оңтүстік өңірлерінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде Қазақстанның батысы мен оңтүстік-шығысында 5 аяз...5 жылу, елдің солтүстік-батысында 3...15 аяз, солтүстігінде 5...20 аяз, шығысында және орталығында 3...18-ден 13...25 аязға дейін, оңтүстігінде 8 аяздан...5 жылудан 5 аяз...10 жылуға дейін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.