Әсет Исекешев ҚР Президентінің көмекшісі болып тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол бұрынғы қызметінен босатылды

Фото ашық дереккөзден

Әсет Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы  лауазымынан босатылсын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 25 ақпан

№ 816