Кентау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Автор: Azattyq Rýhy

Ол Кентау қаласының әкімі қызметін 2019 жылдың сәуір айынан бастап атқарып келеді

Фото ашық дереккөзден

Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов пара алды деген күдікпен Алматыдағы уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚазТАГ-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«24 ақпанда Кентау қаласының әкімі Дәурен Мақажанов ұсталып, Алматыдағы УҰИ-ға орналастырылды. Ұстау барысын финпол («антикор») жүргізді. Ол пара алды деген күдікке ілінді», - деді агенттіктің дереккөзі.

Айта кетейік, Махажанов 2019 жылдың сәуір айынан бастап Түркістан облысы Кентау қаласының әкімі қызметін атқарып келеді.