$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды – БАҚ

Ол ары қарай қандай жұмыспен айналысатынын айтты

Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігі тоқтатылды – БАҚ
Фото ашық дереккөзден

Дариға Назарбаева Мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді. Бұл туралы Azattyq Rýhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш басылым Дариға Назарбаеваның сөзін былай деп келтіреді.

«Бүгін Парламент Мәжілісі депутатының өкілеттігін тоқтатып, қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке толық көңіл бөлу туралы шешім қабылдадым.

Nur Otan партиясына дауыс берген қазақстандықтарға, партияластарыма және ел басшылығына маған артқан сенімі үшін алғысымды білдіремін!

Қаңтардағы қайғылы оқиғалар бейбітшіліксіз, Қазақстан халқының бірлігінсіз еліміздің өркендеуі мен одан әрі дамуы болмайтынын көрсетті. Болған оқиғаның бәрі – халқымыз үшін үлкен қасірет.

Барлық оқиғаға объективті тергеу жүргізу қажет деп санаймын, соның нәтижесінде кінәлілер әділ жазаға тартылып, кінәсіз адамдар босатылуы керек. Бәрімізге «қаралы қаңтардан» сабақ алып, мұндай жағдай қайталанбауы үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасау керек.

Қайғыға толы, қорқыныш пен үрейлі күндер анархияның қандай жағдайға әкелетінін көрсетті.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі үшін, оның егемендігін сақтау үшін, бейбітшілік пен қауіпсіздік үшін қоғамның бірлігі мен тұтастығын көрсетуге тиіспіз.

Мен өз еліме және оның мүдделеріне қызмет ете беремін. Бұл үшін лауазым қажет емес», - деді Дариға Назарбаева.

Серіктес жаңалықтары