Қазақстанда «қызыл аймақта» ешбір өңір қалған жоқ

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

25 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда «қызыл аймақта» ешбір өңір қалған жоқ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.      

«Қызыл» аймақта бір де бір өңір қалған жоқ. 

«Сары» аймақта: Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары.  

«Жасыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары.