Бұл рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады
Украинадағы қазақстандықтарға арнайы рейс жоспарланды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары, 2022 жылдың 25-26 ақпанында Air Astana әуе компаниясы Қазақстанның азаматтары үшін репатриация рейсін жүзеге асыру жоспарланып отыр", - делінген СІМ хабарламасында.
Бұл рейс Катовице қаласынан (Польша) жүзеге асырылады. Қазақстан азаматтарына Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз "жасыл дәліз" қамтамасыз етіліпті.
"Азаматтардан мүмкіндігінше ертең Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы болып табылады, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19. Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласыңыз: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49", - делінген хабарламада.