Полиция қызметкерлері 48 жастағы ер адамды ұстады
Күндізгі уақытта күдікті Ш.Айтматов көшесіндегі минимаркетке кіріп, қайырымдылыққа арналған жәшікке көзі түскен. Оны ешкім бақылап тұрмағанын пайдаланып, ақша салынған қорапты ұралп кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 48 жастағы ер адамды ұстады. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, күдіктінің қала аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.
«Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуға, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауға, шағын және орта бизнес нысандарын бейнебақылау камераларымен жабдықтауға және жұмыс орнын қараусыз қалдырмауға кеңес береді», - делінген ведомство хабарламасында.