Қостанайда электр есептегіштің кесірінен тұрғын үйде өрт шықты
Оқиға орнында жеке құрамнан 22 адам және 7 бірлік техника жұмыс істеді
Қостанай қаласында электр есептегіштің кесірінен тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
23 ақпан күні сағат 19: 53-те Қостанай қаласы Темірбаев көшесі бойынша 10 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде, екінші қабатта электр сымдары бойынша жоғары қабаттарға таратыла отырып, электр есептегіші жанған.
Бірнеше минуттан кейін құтқарушылар оқиға орнына келді, баспалдақ маршы бойынша 20 адам құтқарылды, оның ішінде 12 бала, сондай-ақ 7 адам эвакуацияланды, оның ішінде 2 бала. Өрт 15 шаршы метр аумаққа жайылды. Барлық адамдар аман-есен құтқарылды, олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Сағат 21:07-де өрт сөндірілді. Қазіргі уақытта өрттің себебін өрт-зерттеу зертханасы анықтау үстінде. Оқиға орнында жеке құрамнан 22 адам және 7 бірлік техника жұмыс істеді.