Бұған дейін Ресей президенті Донбаста әскери операция жүргізуге бұйрық берген болатын
Украиналық УНИАН ақпарат агенттігінің жазуынша Киев, Краматорск, Одесса, Харьков және Бердянск қалаларында жарылыс дауысы естілген.
«24 ақпан күні таңғы сағат 5:00-ден кейін (жергілікті уақытпен) бірнеше қалада, оның ішінде Киевте де жарылыс дауысы естілді. Краматорскте кемі 4 жарылыс, Одесса, Харьков, Бердянскте жойқын жарылыстар сезілді. Донбасс қаласында атыс болып жатыр», - деп жазылған аталған хабарламада.
Сондай-ақ, атыс дауысы ел астанасында да естіліп жатыр деп жазады тілшілер. «Борисполь әуежайының маңында атыс пен жарылыс дауысы естілді», - делінген агенттік таратқан хабарламада.