Тәртіп бұзушының автокөлігі коммуналдық уақытша автотұраққа қойылған
Елордада көлік жүргізу құқығынан айырылған такси жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Автобус» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері Сығанақ көшесі бойымен жүріп келе жатқан «Hyundai» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Аталмыш көлік жүргізушісі қауіпсіздік белбеуін тақпаған.
Құжаттарды тексеру кезінде такси жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шыққаны үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталған.
«Жүргізушіге қатысты 612-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, қауіпсіздік ережелерін сақтамағаны үшін 593-бабына сәйкес такси жүргізушісіне тағы да 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
Тәртіп бұзушының автокөлігі коммуналдық уақытша автотұраққа қойылған.