Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау шарасы қолданылды

Фото ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір орынбасары ұсталды, Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр. Сонымен қатар, 22 ақпанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Өсіпов М.С. ұсталды. 23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау шарасы қолданылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.