Майнинг фермасы жабдықталған үш контейнерде орналасқан
Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкенттегі департамент қызметкерлері электр желісіне заңсыз қосылған майнинг фермасын анықтады. Бұл туралы аталған ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті Bitcoin цифрлық криптовалютасын өндіруге арналған 360 дана ASIC жабдығын тауып, тәркілеген.
"Майнинг фермасы жабдықталған үш контейнерде орналасқан. Тергеу жүріп жатыр", - делінген хабарламада.