$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған алты адам уақытша ұстау изоляторында қайтыс болды

Азаптау деректерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергейді

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған алты адам уақытша ұстау изоляторында қайтыс болды
Фото ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған алты адам уақытша ұстау изоляторында қайтыс болды. Бұл туралы Бас прокуратураға қарасты арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, азаптау деректерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергейді. Ал арнайы прокурорларға адам өлімі сияқты салдарға соқтырған азаптау деректері бар істер келіп түседі.

"Біздің ақпаратымыз бойынша, осындай жағдайда Алматыдағы уақытша ұстау изоляторында екі адам, Шығыс Қазақстан облысында үш адам және Талдықорғанда бір адам қайтыс болды. Сондай-ақ, Талдықорған тұрғынын үтікпен азаптауға байланысты резонанс тудырған істі қарап жатырмыз. Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның нәтижесін міндетті түрде хабарлаймыз", - деді Ризабек Ожаров.

 

Серіктес жаңалықтары