Ақмола облысында мектеп жанынан ер адамның мәйіті табылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі уақытта «Адам өлтіру» фактісі бойынша іс қозғалды

Фото ашық дереккөзден

Ақмола облысында мектеп жанынан ер адамның мәйіті табылды. Полиция адам өлтіру бабы бойынша істі тергеп жатыр. Бұл туралы Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«19 ақпан күні сағат 10:35-те Бұланды аудандық ішкі істер бөліміне ауылдық округ әкімінен хабарлама келген. Ол ауылдағы мектептің жанында ер адамның денесі табылғанын айтты», - делінген департамент хабарламасында.

Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтады. Ол 69 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

«Ақпанның 18-і күні сағат 15.00 шамасында ер адам досына келеді. Алкогольдік ішімдік ішіп, араларында жанжал басталады. Шу барысында әйел пышақты қарсыласының кеуде тұсына сұғып алған. Қазір қажетті сараптама тағайындалды», - деп хабарлайды Ақмола облысы ДП баспасөз қызметі.

Ведомствода қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру бабы бойынша жұмыстар басталғанын айтты. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» фактісі бойынша іс қозғалды.