ШҚО-да екі адам құрамында алтыны бар 20 кг-нан астам кенді ұрламақ болды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Биыл ақпан айының басында Риддер қаласы ПБ-ға 2022 жылғы қаңтар айының соңында Риддер кенішінің аумағында қаланың 36 және 31 жастағы азаматтардан салмағы 21 кг 525 грамм құрамында алтын рудасы бар қаппен ұсталғаны туралы ЖШС-нің хабарламасы келіп түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кәсіпорынға келтірілген шығын 435 000 теңгені құрайды.

Тергеу барысында күдіктілер кінәсін мойындады. Оқиға орнынан заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Олар арқанның көмегімен ашық өткел арқылы кеніштің шахтасына түскені анықталды. Кейін қаптарды кенмен толтырып, сыртқа шықпақ болған кезде, кәсіпорын күзетшілерінің қолына түскен.

Қазіргі уақытта күдіктілер ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабы 2-бөлігі «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, баптың санкциясымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.