«Аяз, тұман, көктайғақ»: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Автор: Azattyq Rýhy

Елдің солтүстік жартысы фронтальдық бөлімдердің ықпалында қалады

Фото ашық дереккөзден

Синоптиктер алдағы үш тәулікке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағының оңтүстік жартысы әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болады, осылайша жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Елдің солтүстік жартысы фронтальдық бөлімдердің ықпалында қалады — жауын-шашын (көбіне қар түрінде), төмен бұрқасын, 15-23 м/с дейін желдің күшеюі, республика бойынша тұман, көктайғақ күтіледі.

Еліміздің солтүстігінде түнде 5-18 градус аяз, шығысында және орталығында 8-26 градус аяз, республиканың оңтүстігінде 5 градус аяз, батысында 0-10 градус аяз болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.