Ресей мен Украина арасындағы шиеленіс теңгеге қалай әсер етті?
21 ақпан қарсаңында қаңтар айынан бастап алғаш рет доллар бағамы 80 рубльден асты
Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың ушығуына байланысты Ресей валютасы күрт арзандады. Бұл жағдай теңгеге де қысым көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Ұлттық Банктің мәліметінше, бүгінгі сауда-саттық барысында шамалы валюталық интервенциялар жүргізуде. Қазіргі уақытта олардың көлемі 33 млн долларды құрайды, сауда-саттықтың жалпы көлемі 155 млн доллар, бұл барлық сауда-саттықтың шамамен 20%-ы.
Жүргізілген интервенциядан кейін бір доллар үшін 437,5 теңге шамасында бекітілді.
Айта кетерлігі, Ресейдің Орталық банкі екінші деңгейлі банктерге 2022 жылдың 1 қазанына дейін рубльдің құнсыздануын және ресейлік компаниялардың акцияларының құнын өз мәлімдемелерінде «ескермеуге» шақырды.
Bloomberg мәліметі бойынша рубль әлемдік валюталар арасында «құбылмалылық» бойынша бірінші орынға шықты. Осы көрсеткіш бойынша ол тіпті Ердоғанның саясатына байланысты рекордтық құлдыраудан өткен түрік лирасын да айналып өтті. 21 ақпан қарсаңында қаңтар айынан бастап алғаш рет доллар бағамы 80 рубльден асты.
Ресейдің ДХР мен ЛХР-дың тәуелсіздігін тануы туралы жаңалығынан кейін биткоин екі апта ішінде 36 350 долларға төмендеді.
Сарапшылар мен трейдерлердің айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың ушығуы әлемдік азық-түлік бағасының өсуіне әкеледі. Себебі, импорттаушылар екі ірі экспорттаушының қақтығысына байланысты балама жеткізілім іздеуге мәжбүр болады.