Ресейде қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары құрылады

Azattyq Rýhy

Оқыту екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін

Фото: ашық дереккөзден

Ресейде қазақстандық жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары құрылады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы. 

"Ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнату және білім беру сапасын қамтамасыз ету, техникалық бағыттағы кадрларды даярлау мақсатында ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасында Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдарын және Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының жоғары білім беретін білім беру ұйымдарының филиалдарын құру және олардың қызметі туралы Келісімге қол қою туралы Қаулы қабылданды", – делінген хабарламада.  

Келісімде екі елдің заңнамасына сәйкес тең негіздегі филиалдар құрылатыны көзделген.

Келісімді іске асыру аясында филиалдарды ашу кезінде қосарланған лицензия алу жүзеге асырылады.

Оқыту білім беру бағдарламалары шеңберінде филиалдар орналасқан елдің тілі мен тарихын міндетті түрде меңгеру арқылы, екі елдің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі мүмкін.

Филиалдарда мемлекеттік бақылау және аккредиттеу Қазақстан және Ресей заңнамасына сәйкес іске асырылатын болады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.