Қаңтар оқиғасына байланысты 18 шетелдік азамат қамауда отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Оның 14-і Өзбекстан, екеуі Ресей және тағы екеуі Қырғызстан азаматтары

Фото ашық дереккөзден

Қаңтар оқиғасына байланысты 18 шетелдік азамат қамауда отыр. Бұл туралы Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі таңда жаппай тәртіпсіздіктерге байланысты уақытша ұстау изоляторларында 18 шетелдік азамат бар. Оның 14-і Өзбекстанның, екеуі Ресейдің және тағы екеуі Қырғызстанның азаматтары», - деді уәкіл.

Сондай-ақ, ол қамаудағыларды ұстау жағдайы туралы мәліметтер айтты.

 «6 қаңтардан кейінгі алғашқы 48 сағат ішінде уақытында ауызсу берілмеген, тамақты жеткілісзі берген жайттар анықталды. Уақытша ұстау изоляторынларында адамдардың барынша көптігімен байланысты проблемалар болған. Кейін ахуал реттелді. 10 қаңтардан бастап ұсталғандардың бәріне үйден сәлемдеме алуға рұқсат берілді. Бүгінде тамақтану нормативі сақталып отыр. Бірақ тамақтың сапасына байланысты бірнеше шағым бар», - деді Эльвира Әзімова