Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары болып полиция полковнигі Бек Данияр Бекетұлы тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Бек Данияр Бекетұлы 1977 жылы 25 маусымда Қарағанды қаласында дүниеге келген.
1998 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2011 жылы Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистратурасын бітірген. Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистранты.
- 1998 жылдан 2001 жылға дейін ҚР әділет органдарында жұмыс істеді. Ішкі істер органдарындағы қызметін 2001 жылы ҚР ІІМ БҚҚ Қарағанды гарнизоны бойынша жедел уәкіл лауазымынан бастады.
- 2002 жылдан 2004 жылға дейін – Астана қаласы ІІБ ІІБ тергеушісі, аға тергеушісі;
- 2004 жылы – Павлодар облысы ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі.
- 2006 жылы Павлодар облысы ІІД Тергеу басқармасы бөлімшесінің бастығы лауазымына тағайындалды;
- 2007 жылы – Павлодар қаласының солтүстік Ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары.
- 2009 жылдың ақпанынан – Павлодар қаласы ІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.
- 2010-2011 ж.ж. – Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясының магистранты.
- 2011-2013 жылдары – Павлодар облысы ІІД анықтау басқармасының бастығы.
- 2013 жылдан 2015 жылға дейін – Павлодар қаласы ІІБ Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы.
- 2016 жылдан 2017 жылға дейін – Ақсу қаласы ІІБ бастығының тергеу жөніндегі орынбасары.
- 2017 жылдан – Павлодар қаласы ПБ Солтүстік полиция бөлімінің бастығы.
- 2020 жылдың ақпанынан 2022 жылға дейін – Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы.