$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елордада өткен демалыс күндері 29 мас жүргізуші ұсталды

Бұл 15 тәулікке қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады

Елордада өткен демалыс күндері 29 мас жүргізуші ұсталды
Фото ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында елорда жолдарында жол-көлік оқиғаларын анықтау және жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу мақсатында рейд жүргізілді. Медициналық куәландырудан өткізу үшін наркология орталығына 29 жүргізуші жеткізілді, олардың біреуі бұрын көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Куәландыру нәтижелері бойынша олардың барлығы алкогольдік масаң күйде болған. Тәртіп бұзған жүргізушілердің автокөліктері коммуналдық тұраққа қойылды.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлері сағат 06.00 шамасында Қабанбай батыр даңғылының бойында «Тойота Камри» маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік тізгінін Теміртау қаласының 26 жастағы тұрғыны басқарып келген, одан алкогольдің өткір иісі шығып тұрған. Жүргізуші медициналық куәландыруға жеткізілді, дәрігердің қорытындысына сәйкес ол орташа ауыр масаң күйде болған. 

«Барлық мас жүргізушілерге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды, бұл 15 тәулікке қамаққа алуға және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

Полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде мас күйінде көлік құралдарын басқарумен байланысты бұзушылықтарды анықтауға және олардың жолын кесуге ерекше назар аударады.  Қабылданған шараларға қарамастан, кейбір азаматтар мас күйінде көлік жүргізуді жалғастыруда, осылайша өз өмірлеріне, сондай-ақ жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндіруде», - делінген қалалық Полиция департаментінің хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары