$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистиканың алшақтығы 5,7 млрд доллар – Қаржы министрі

Статистикасының алшақтығының негізгі себептері айтылды

Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистиканың алшақтығы 5,7 млрд доллар – Қаржы министрі

Тауарларды импорттау кезінде дұрыс декларация бермеу және құнын төмендету салдарынан Қазақстан мен Қытай арасындағы кедендік статистика деректерінің алшақтығы 5,7 млрд АҚШ долларын құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырсында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.

«Әлемдік тәжірибеде сыртқы сауда статистикасындағы айырмашылықтар көптеген елдерге тән екенін атап өту қажет. Мысалы, Comtrade деректері бойынша 2020 жылы Қытай Халық Республикасының Германиямен алшақтығы 47 млрд доллар, Вьетнам Республикасымен – 30 млрд доллар, Польшамен – 10 млрд доллар, Пәкістанмен – 3 млрд доллар құраған», − дейді министр.

Оның айтуынша, Қазақстан статистикасының Қытаймен алшақтығының негізгі себептеріне:

  • статистиканы қалыптастырудың методологиялық ерекшеліктері.
  • Қытай тауарларының Қазақстан Республикасы арқылы транзитінің бір бөлігі Қытай Халық Республикасының статистикасында Қазақстан Республикасына экспорт ретінде көрсетіледі. Бұл Еуразиялық экономикалық одақтың жекелеген елдерінің оң алшақтықтарымен расталады: Армения (+450 млн доллар), Беларусь (+1,5 млрд доллар) және Ресей (+4,3 млрд доллар).
  • Қытай тауар өндірушілері субсидиялар мен қосылған құн салығын қайтарып алатындықтан экспорттық бағаны көтеруге мүдделі.
  • Қазақстандық импорттаушылардың дұрыс декларацияламауы және кедендік құнды кемітуі.
  • «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы арқылы өткізілетін пошта тасымалдары мен тауарлар біздің статистикамызда есепке алынбайды.

«Негізгі сауда топтары: киім, аяқ киім, ойыншықтар. Жалпы, 2,8 млрд доллар дұрыс декларацияламау кезіндегі республикалық бюджеттің болжамды шығындары 150 млрд теңгеге бағаланады. Қытай Халық Республикасымен шекарада әкімшілендіруді күшейтуге байланысты Қытайдан Қырғызстанға тауарлар импортының ағылуы байқалады. Осы жылдың басынан бастап Қырғызстанға Қытай импортының 5 есеге өсуі, Қырғызстаннан Қазақстанға импорттың 2,5 есеге өсуі тіркелді. Бұдан басқа, қазір Қытай Халық Республикасымен шекарада 900-ге жуық автокөлік, ал уақытша сақтау қоймаларында 1200-ге жуық автокөлік әкімшілендіруді жеңілдетуді күтуде», − дейді министр.

Белгілі болғандай, жыл басынан бері шекара маңындағы бекеттер бойынша кедендік төлемдер мен салықтардың түсімі 23%-ке, ал көлемі – 26%-ке азайған.

Серіктес жаңалықтары