Төтенше жағдайға жергілікті бюджеттерден жеткілікті қаражат қарастыру керек − Әлихан Смайылов

Автор: Еркежан Айтказина

Оның айтуынша, бұған дейін мәселені шешуде жүйелі жұмыс жүргізілмеген

Фото ашық дереккөзден

Елді мекендерді су басу қаупі кейбір өңірлерде жылда қайталанады. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министр ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Оның айтуынша, бұған дейін мәселені шешуде жүйелі жұмыс жүргізілмеген.

«Бұл, бірінші кезекте, Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті билік арасындағы жауапкершілікті бір-біріне сілтеу мәселесіне қатысты болып отыр. Су тасқынының алдын алу және одан келетін шығынды азайту әкімдіктердің жүйелі жұмысына тікелей байланысты. Әкімдіктер күнделікті қар шығару, арықтарды тазалау, уақытша бөгеттерді салу жұмыстарын уақытылы жүргізуі тиіс. Төтенше жағдайларға жергілікті бюджеттерде жеткілікті қаражат қарастыру керек. Су тасқынының алдын алуға қатысты барлық мәселені әкімдер қатаң бақылауда ұстауы тиіс», - дейді ол.