Қазақстанда ревакцинация көрсеткіші төмен өңірлер анықталды

Автор: Еркежан Айтказина

Бұл туралы Үкімет отырысында айтылды

Фото ашық дереккөзден

Бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы екпенің бірінші компонентімен ересектердің 82,1%-ы егілді, бұл жалпы халықтың 53,4%-ын құрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

«Екінші компонентпен 9,4 млн адам егілді, бұл егілуге тиісті халықтың 78,5%-ы және республиканың жалпы халқының 49,9%-ы. Қазіргі кезде негізгі профилактика шараларының бірі – ревакцинация. Биыл ревакцинация деңгейінің өсуі байқалады, бүгінгі күні 2,4 млн адам ревакцинация алды, бұл егілуге тиісті контингенттің 52,6%-ын құрайды», – дейді министр.

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, ревакцинациялау көрсеткіші Нұр-Сұлтан және Атырау облысында төмен.