Алматы облысында жер алып беремін деп 7 адамды алдап соққан алаяқ ұсталды

Автор: Azattyq Rýhy

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Фото ашық дереккөзден

Алматы облысының полицейлері жеті тұрғынды тақырға отырғызып кеткен күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

10 ақпан күні Жамбыл ауданының ПБ кезекші бөліміне Жамбыл ауданының тұрғындары белгілі бір азаматтың Қайназар ауылынан жер телімін алып беремін деп алаяқтық жолмен 7 млн теңгені жымқырып кеткендігі туралы арызданған. Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен, 3-бөлігі 4-тармағымен полиция бөлімінде тіркелді.

«Аталған қылмыстық іс бойынша жәбірленушілердің айтуынша, белігілі бір азамат Қайназар ауылынан жер алу үшін әрқайсысынан 1 млн теңге көлемінде ақшаны жымқырып алған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, Ұзынағаш ауылының тұрғыны – 34 жастағы күдікті ұсталды, ол өз кінәсін толық мойындады. 10 ақпанда күдікті Жамбыл АПБ-нің УҰИ-на қамауға алынды», – деді  Жамбыл аудандық полиция бөлімінің бастығы Омаров Айдар.