Еліміздің барлық аумағы антициклонның ықпалында болады
Синоптиктер 19 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК хабарламасына сілтеме жасап.
«ҚР-ның барлық аумағы антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз ауа райы болады, тек республиканың қиыр батысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, кей жерлерде тұман түседі, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста жел күшейеді», - делінген хабарламада.
Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түсіп, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында көктайғақ, солтүстігінде тұман болады.
Алматы облысының Алакөл көлдерінің ауданында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
Түркістан, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының батысында тұман түседі.