Елдің солтүстігінде қар, көктайғақ болуы мүмкін
«Қазгидромет» РМК алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдағы үш тәулікте ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Оның артынан республиканың батысына қарай, солтүстік-батыс циклонның шұңқыры жылжи бастайды.
«Ол өзімен бірге: 19-21 ақпан аралығында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, 20-21 ақпан аралығында солтүстік-батысқа, 21 ақпанда елдің солтүстігіне — қар, желдің күшеюін және көктайғақ құбылыстарын алып келеді.
Еліміздің барлық аумағында температуралық фон жоғарылайды деп күтілуде. Термометрлер бағандары келесідей температураны көрсетеді: батыста түнде -5...+5 дейін, күндіз +2...+13 дейін, солтүстікте, солтүстік-батыста түнде -5...-16 дейін, күндіз -8...+ 2 дейін, орталықта, шығыста түнде -8...-17, күндіз -1...-10, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде -5...+5, күндіз + 5...+13 дейін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.