Келешекте қазіргі өміріміз туралы ауқымды кітап жазу ойында бар екенін айтты
Президент Елбасының тұлғасына арналған «Ол тарихты жасап жатыр» деген кітабын жазғанына өкінбейтінін айтты деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Өкінбеймін. Тұңғыш Президентіміздің еңбегі туралы кітапқа келсек, қазақта «Өткен іске өкінбе» деген сөз бар. Мен көптеген оқиғаға куә болған адаммын. Сондықтан, қағазға түсіргенді жөн көрдім. Оқырмандардың пікірінше, кітаптарым жоғары деңгейде жазылған. Мысалы, әлі күнге дейін студенттер менің кітаптарымнан қажетті мағлұматын алып, пайдаланып жүр.
Жоспар туралы айтсақ, кейбір ойларымды түртіп қойып, күнделік жазатыным бар. Мүмкін, болашақта қажет болар. Келешекте қазіргі өміріміз туралы ауқымды кітап жазу ойымда бар. Амандық болса жазамын», − дейді Президент.